Әлеуметтік желіде Қуандық Бишімбаев тергеу изоляторында белгісіз себептермен бірге отырған адаммен төбелескені туралы ақпарат тарады. Оқиғаға қатысты ҚАЖК өкілдері пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертеді, - деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, сот үкімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға, Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.