Балауса Мұздыман WBA белдігі үшін жұдырықтасады

Оның қарсыласының есімі әлі жарияланған жоқ.

Балауса Мұздыман WBA белдігі үшін жұдырықтасады
Sports.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман келесі жекпе-жегінде чемпиондық титулға таласады, деп хабарлады Sports.kz сайты.

25 шілдеде Тайландтың Бангкок қаласында қазақстандық спортшы ең жеңіл салмақта (55 келіге дейін) WBA Asia белдігі үшін жұдырықтасады. Оның қарсыласының есімі әлі жарияланған жоқ.

Мұздыман бұған дейінгі жекпе-жегін 1 маусымда Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде үнділік Моника Сингхті бірінші раундта нокаутқа түсірген кезде өткізді. Бұл жеңіс 26 жастағы қазақстандық боксшыға BoxRec-тің ең жеңіл салмақтағы рейтингінде 115-орыннан 95-орынға көтерілуге мүмкіндік берді.