Жанкүйерлерін боқтап жіберген «Ақтөбе» клубының ойыншысы кешірім сұрады

Команда қорғаушысы Бағдат Қайыров ашуға булығып, дауыстап балағаттаған болатын.

Жанкүйерлерін боқтап жіберген «Ақтөбе» клубының ойыншысы кешірім сұрады
fc-aktobe.kz
604

Кеше ҚПЛ 13-туры аясында өз алаңында Қостанайдың «Тобыл» командасына қарсы ойын өткізген ақтөбеліктер 3:4 есебімен жеңіліп қалған болатын. Ойын соңында «Ақтөбе» ойыншылары жеңілісті дау қылған жанкүйерлермен сөзге келіп қалды.

Соның ішінде команда қорғаушысы Бағдат Қайыров ашуға булығып, дауыстап балағаттаған болатын. Соңында жанкүйерлер шулай жөнелді.

Ізінше Бағдат әлеуметтік желідегі жеке парақшасында эмоцияға берілгенін айтып, жанкүйерлерден кешірім сұрады.

«Құрметті жанкүйерлер!
Ойыннан кейінгі ситуация үшін кешірім сұраймын, қандай жағдай болмасын олай айтқан дұрыс емес, эмоцияға беріліп кеттім. Кейін ол жігітпен кездестім, бір-бірімізден кешірім сұрадық. Жанкүйерлер әрдайым клуб үшін уайымдайды, сын болса көтере білу керек. Қай ойыншы шықса да командаға көмектескісі келеді, бүгінгі ойын біз үшін сәтсіз болды», – делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары