Қазақстандық самбошылар Азия чемпионатында 15 алтын алды

Енді самбошылар әлем біріншілігіне дайындалады

Қазақстандық самбошылар Азия чемпионатында 15 алтын алды
Спортты дамыту дирекциясы
303

Қытайдың Макао қаласында самбодан Азия және Тынық мұхиты аймағының чемпионаты аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, екі күнге созылған бәсекеде ұлттық құрама ауыз толтырып айтар нәтиже көрсетті. Қазақстандық спортшылар 15 алтын, 7 күміс, 4 қола медаль олжалап, жалпы есепте топ жарды.

Чемпиондар (спорттық самбо):

Нұрбол Серіков (79 кг),

Еламан Қойшыбаев (88 кг),

Болат Сапар (98 кг),

Айжан Жылқыбаева (50 кг),

Гүлдана Әлмұханбетова (54 кг),

Маржан Бизақ (59 кг),

Асылжан Орынбасарова (65 кг),

Шынар Абатова (72 кг),

Мәдина Ержан (80 кг).

Жауынгерлік самбодан:

Мирас Уәлиев (58 кг),

Ниетхан Төлеухан (71 кг),

Бақытжан Дүйсембеков (79 кг),

Айнұр Ақжігітова (65 кг),

Ұлболсын Әділова (80 кг),

Анар Сейтімова (+80 кг).

Күміс жүлдегерлер (спорттық самбодан):

Армат Қабдолов (58 кг),

Есентай Имаханов (64 кг),

Темірлан Көлбай (+98 кг).

Жауынгерлік самбо:

Қыран Айтбек (88 кг),

Райхан Мәди (98 кг),

Талғат Жиентаев (+98 кг),

Аружан Кеңесары (72 кг).

Қола жүлдегерлер:

Арайлым Әбенова (+80 кг),

Маратбек Рахметоллин (64 кг),

Қымбат Ахмет (50 кг),

Құралай Қабрайқызы (54 кг).

Серіктес жаңалықтары