679
Төреғали Төреәлінің әке-шешесі Францияға барады (ВИДЕО)
Бұл туралы әншінің қарындасы Фариза Төреәлі әлеуметтік желіде жазды.
Фариза Төреәлі әкесінің туған күніне ерекше сыйлық табыстады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Әкемнің туған күніне орай анам екеуіне Парижге жолдама сыйладық. Ес білгелі әкемнің еңбекқорлығын, ақ ниетін, әрбір істі тек адалынан жасайтынын, әсіресе "отбасым" деп ішкен асын жерге қойып біз үшін бәрін істейтінін көріп өстім. Әкемізге қанша алғыс айтсақ та аз шығар. Бала-шағасын өсіріп, өндіріп, енді немерелеріне әлемде жоқ ата рөлінде қамқорлығын аямай төгуде. Әкешім туған күніңіз құтты болсын! Қазіргі кезде ата-анамызға керегі тек эмоция, естеліктер ғой деп өздері қалап жүрген елге саяхат сыйладық. Бастысы қатты қуанды», - деп жазды әншінің қарындасы.