Көңіл көтеру орталығының директоры қызметшісін зорлады деген күдікке ілінді

Бұл туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады

Көңіл көтеру орталығының директоры қызметшісін зорлады деген күдікке ілінді
istockphoto.com
344

Көкшетауда көңіл көтеру орталығының директоры қызметшісін зорлады деген күдікке алынды. Бұл туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады, деп хабарлады turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Сіздің сауалыңызға зорлау дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлаймыз. Күдіктінің кім екені анықталды. Тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп жауап берді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Желідегі жазбада оқиға маусымның 20 мен 21 аралығында түнде Көкшетау қаласындағы көңіл көтеру орталығында болған.

Серіктес жаңалықтары