Танымал қазақстандық ақын қайтыс болды

Марқұмның еңбектері әлемнің бірнеше тіліне аударылған.

Танымал қазақстандық ақын қайтыс болды
Facebook/Aida Balayeva
779

Нью-Йоркте танымал қазақстандық ақын Бақыт Кенжеев қайтыс болды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады. Марқұмның еңбектері әлемнің бірнеше тіліне аударылған.

Мәдениет және ақпарат министрі марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Нью-Йорктен қазақстандық ақын Бақыт Кенжеевтің дүние салғаны туралы қайғылы хабар келді. Бақыт Кенжеевтің поэзиясын мұхиттың екі жағындағы әдебиет сүйетін оқырман жақсы көрді. Бұрын-соңды болмаған шеберлік, сөздің құдіреті Бақыт Шүкіроллаұлын әлем әдебиетінің классигіне айналдырды. Ақынның шығармалары әлемнің көптеген тіліне, соның ішінде қазақ тіліне аударылды. Сөз шебері, біздің көрнекті отандасымыз және замандасымыз Бақыт Кенжеевтің кенеттен қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», - деп жазды Аида Балаева.

 Айта кетейік, Бақыт Шүкіроллаұлы Кенжеев 1950 жылы 2 тамызда Қазақ КСР Шымкентте дүниеге келген. Ол 1982 жылы Канадаға қоныс аударды, ал 2006 жылдан бастап Нью-Йоркте тұрған.

Серіктес жаңалықтары