Алматыда 6-қабаттағы терезеден шығып билеген қыз қайтыс болды (ВИДЕО)

Қайғылы жағдай 26 маусым күні таңы уақытта Теремки тұрғын үй кешенінде болған.

Алматыда 6-қабаттағы терезеден шығып билеген қыз қайтыс болды (ВИДЕО)
скриншот

Әлеуметтік желіде қыздың көпқабатты үйдің терезесінен шығып, билеп тұрған видеосы тарады. Полиция оның жоғарғы қабаттан құлап қайтыс болғанын мәлімдеді.

Қайғылы жағдай 26 маусым күні таңы уақытта Теремки тұрғын үй кешенінде болған. Жас қыз шамамен 6-қабаттағы терезенің ернеуіне тұрып билеген. Оны көрген адамдар оған «құлап қаласың» деп ескерту жасаған. Куәгерлердің айтуынша, біраздан кейін ол төменге құлап кеткен.

Алматы полиция департаменті болған жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Өз-өзіне құл жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.