Ақмола облысында үйінен шыға алмаған бойжеткен терезеден секірген

Ол үйдің кіреберісінің шатырына секіріп, аяғын жарақаттап алған

Ақмола облысында үйінен шыға алмаған бойжеткен терезеден секірген
t.me/dchsakmol
439

Степногорск қаласында пәтерде қамалып қалған бойжеткен үйден терезе арқылы шықпақшы болып, аяғын жарақаттады, деп хабарлады turkystan.kz Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Степногорск қаласында қыз көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде қамалып, терезеден шықпақшы болған. Ол үйдің кіреберісінің шатырына секіріп, аяғын жарақаттап алған.

Оған құтқарушылар мен дәрігерлер көмекке келді. Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, құтқарушылар оны төменге түсірген. ️Бұл әрекеттің себебін қалалық полиция басқармасы анықтап жатыр. 

Серіктес жаңалықтары