Юлия Путинцева Бирмингем турнирін жеңіспен бастады

Теннисші Юлия Путинцева Бирмингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты.

Юлия Путинцева Бирмингем турнирін жеңіспен бастады
Сурет: ҚТФ
332

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде өзінен екі саты төмен тұрған франциялық Клара Бюрельдің осал тұсын тапты, деп жазды turkystan.kz.

 

Бірінші партияда есеп 3:3 болғаннан кейін Путинцева күш алып кетті – 6:3. Екіншісінде де сол қарқынынан тана қойған жоқ – 6:4.

Юлия ширек финалға шығу үшін әлемдік рейтингіде 47-орындағы украиналық Ангелина Калининамен жолығады.

Серіктес жаңалықтары