«Біздің мақсат – Еуропада ойнау»: Бақтияр Зайнутдинов «Зенит» сапына ауысудан бас тартты

Бір апта бұрын 26 жастағы Зайнутдиновтің Ресей чемпионатына оралуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын.

«Біздің мақсат – Еуропада ойнау»: Бақтияр Зайнутдинов «Зенит» сапына ауысудан бас тартты
instagram.com/bateka_11
399

Қазақстан құрамасының және ыстанбұлдық «Бешикташ» клубының ойыншысы Бақтияр Зайнутдинов ресейлік «Зенит» сапында ойнаудан бас тартты, деп хабарлайды «Инсайды от Карпа» Telegram-каналына сілтеме жасап.

Осыдан бір апта бұрын 26 жастағы Зайнутдиновтің Ресей чемпионатына оралуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын. Бұған дейін Ресейдің ЦСКА мен «Ростов» клубтарында ойнаған ол Түркиядан кетіп, Ресейге оралғысы келетіні туралы көп айтылды. Бақтиярдың әкесі Батыржан Зайнутдинов ұлының «Зенит» сапына ауысу мүмкін деген сыбысқа жауап берген болатын.

Бақтияр Зайнутдиновтің агенті Евгений Новиков футболшының Ресей чемпионатына ауысу туралы өрбіген қауесетке жауап берді.

«Зенит» расында Бақтиярдың клубқа ауысуы туралы бізге хабарласты, алайда біз ондай керемет ұсыныстан бас тарттық. Біздің мақсат – Еуропада ойнау. Сондықтан біз «Бешикташ» сапында қаламыз», – дейді Е.Новиков.

Еске сала кетейік, Бақтияр «Бешикташқа» ресейлік ЦСКА-дан 2023 жылдың жазында ауысты. Ол ыстамбұлдық клуб сапында 37 матч өткізіп, бір гол соққан. Оның келісімшарты 2026/27 маусымының соңына дейін жарамды.

Серіктес жаңалықтары