Жүзуден Қазақстан командасы Париж Олимпиадасының іріктеу турниріне қатысады

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған сынға Қазақстан сапынан 5 спортшы қатысады.

Жүзуден Қазақстан командасы Париж Олимпиадасының іріктеу турниріне қатысады
Olympic.kz

Римде (Италия) жүзуден Париж Олимпиадасына іріктеу бәсекесі өтеді. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған сынға Қазақстан сапынан 5 спортшы қатысады. 

Атап айтқанда, төртжылдықтың басты додасына жолдама алуға Диана Тасжанова, Ксения Игнатова, Софья Сподаренко, Әділбек Мусин және Максим Сказобцовтың мүмкіндігі бар. 

Айта кетейік, турнир 21-23 маусым аралығында өтеді.