Адам өлтірген, 6 рет үйленген: Асырап алған балаларын қорлаған емші туралы сұмдық деректер белгілі болды
Емшінің ісіне қатысты сот процесі жабық өтіп жатыр.
Шымкентте асырап алған балаларына жауыздық көрсеткен емшінің бұған дейін адам өлтіргені расталды. Сондай-ақ ол психикалық ауытқумен есепте тұрған. Бұдан бөлек оның 6 рет үйленіп-ажырасқаны мәлім болды. Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлады.
Емшінің ісіне қатысты сот процесі жабық өтіп жатыр.
ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті «Ақпараттық қызмет» жүйесі жасаған құжатта емшінің 1993 жылы «абайсызда адам өлтіру» бабымен істі болғаны және психикалық ауытқуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылып, ол мәжбүрлеп емдеуге жіберілгені көрсетілген, - деп жазылған ақпаратта.
Емші 1995 жылдан бері психикалық ауытқуына байланысты есепте тұр екен. Қорғаушысының айтуынша, дәрігерлер оған шизофрения диагнозын қойған. Жүйке жүйесіндегі ауруға байланысты 6 рет үйленген.