"Пышақтап, әкеңнің қасына жерлеймін": Бейіт басында әйелін досымен бірге зорлаған ер адам туралы тың мәлімет шықты

Ресми мәліметке сүйенсек, екінші сотталушы үкіммен келіспейтінін айтып апелляциялық шағым берген.

"Пышақтап, әкеңнің қасына жерлеймін": Бейіт басында әйелін досымен бірге зорлаған ер адам туралы тың мәлімет шықты
сурет: istockphoto.com
539

Түркістан облысында бейіт басында әйелін досымен бірге зорлаған ер адам туралы тың мәлімет шықты. Бұл туралы Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлаған.

Тергеу мәліметіне сүйенсек, жас жұбайлар үйіне жылу жүйесін орнату үшін жұмысшылар жалдаған. Олар жұмыс істеп жатқанда, отағасы мен досы (шеберлердің бірі) ішімдік ішіп, әйелі жеңіл тағамдар әзірлеп берген. Бір кезде үй иесіне жұмысшылардың бірі оның әйеліне көз сүзгендей көрінеді. Ашуланған ер адам жұмысшыны ұрып-соғып, оны үйден қуып жіберді.

03:00-ге қарай ерлі-зайыпты досын үйіне жеткізіп салмақ болады. Жолда мас күйеуі досына сатқын әйелін "жазалауды" ұсынған. "Пышақтап өлтіріп, әкеңнің қабірінің жанына жерлеймін" деп қорқытқан ер адам әйелін досымен бірге зорлаған. 

Облыстық сотта қылмыс өткен жылғы қазанда жасалғанын, бірақ іс жақында инстанцияға келіп түскенін түсіндірді. Осы уақыт ішінде тергеу жүргізілген. Тек мамыр айының аяғында сотталушыларға үкім шыққан.

Сотта сотталушылар ішінара кінәсін мойындап, мас болғаны соншалық, сол түннің егжей-тегжейлері есінде жоқ деп мәлімдеді. Әйелдің күйеуі ҚР ҚК 121-бабының 2-бөлігінің 1,2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды және 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның танысы сол бап бойынша тоғыз жарым жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Ресми мәліметке сүйенсек, екінші сотталушы үкіммен келіспейтінін айтып апелляциялық шағым берген. Бірақ жәбірленушінің күйеуі мұндай өтініш білдірмеген.

Серіктес жаңалықтары