Талдықорғандағы демалыс орнында атыс болды (ВИДЕО)

Жетісу облыстық полиция департаменті аталған оқиғаның мән-жайын анықтады.

Талдықорғандағы демалыс орнында атыс болды (ВИДЕО)
скриншот
426

15 маусымда Талдықорғанның демалыс орындарының бірінде оқ атылды. Оқиға Instagram-дағы Taldykorganec.insta парақшасында жарияланды. Ондағылардың сөзінше, бұзақылық жасағандардың қатарында әскери қызметші болған. 

Куәгерлердің айтуынша, әкімшілік қызметкері азаматтан қызмет құнын талап еткен. Бірақ демалушылар демалыс орынына ақша төлеуден бас тартқан. Оның соңы жанжалға ұласқан. 

Жетісу облыстық полиция департаменті аталған оқиғаның мән-жайын анықтап, тексеру жүргізіп жатқандарын хабарлады. Төбелеске қатыстылардың барлығы ұсталып, олардың бірі әскери адам екені белгілі болды. 

«Төбелесті бастағандардың анықталғанын хабарлаймыз, олардың бірі – әскери қызметші. Аталған факті бойынша тергеуді әскери-тергеу басқармасы жүргізеді». -  деді Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары