Ерке Есмахан өнердегі құрбыларымен араласпай кеткенін айтты

Әнші «Құрбыларыңызбен қаншалықты жиі кездесесіз?» деген сұраққа жауап берді.

Ерке Есмахан өнердегі құрбыларымен араласпай кеткенін айтты
Instagram
491

Екінші рет тұрмысқа шығып, сәбилі болған танымал әнші Ерке Есмахан өнердегі құрбыларымен қазіргі қарым-қатынасы туралы мәлім етті.

Әнші Instagram-дағы парақшасында оқырманының «Құрбыларыңызбен қаншалықты жиі кездесесіз?» деген сұрағына жауап берді. 

«Бәріміз отбасылы, балалы болған соң, уақыт тапшы болып қалды. Гүлназбен үнемі байланыстамыз, кездесеміз дегенімізге мың жыл болды. Әлі кездеспедік. Жания, Дана, Сая, Луиналарды тіпті сағындым. Әне-міне деп әлі жүрмін. Жылдап кездеспесек тек, бір-бірімізге тек бақыт тілеп отыратын нақ достар екенімізді білемін», - деп жауап берді Ерке Есмахан.

Серіктес жаңалықтары