Атырау облысында 3 көлік соқтығысып, шетелдік жолаушы қаза болды
Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол апатына қатысты тергеу жүргізуді бастады
Атырау облысында 3 көлік соқтығысып, салдарынан шетелдік 1 жолаушы көз жұмды, деп жазады turkystan.kz Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы бүгін, 15 маусымда болған.
Жол апаты таңертеңгі сағат 06:30 шамасында Атырау-Доссор тас жолының бойында тіркеліп отыр. Бір мезгілде үш көлік – КамАЗ, ПАЗ – 32053 және Daewoo Nexia соқтығысты. Жол апатының салдарынан Өзбекстан Республикасында тіркелген Daewoo Nexia автокөлігіндегі 1 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Марқұм – Өзбекстан Республикасының 1973 жылғы азаматы, - делінген мәліметте.
Белгілі болғандай, үш көліктің бірі – КамАЗ жол жиегіндегі суға құлаған. Бұл жолдың бойына тасқын су тіреліп тұр. Жол апаты тіркелген тұста 496-теміржол бекеті бар.
Ал патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол апатына қатысты тергеу жүргізуді бастады.