Қоғамдық орындарда хиджаб киіп жүруге тыйым салу мәселесі қаралады

Депутаттың айтуынша, осыған қатысты заң жобасын алдағы сессияда Парламент жұмысқа алмақ.

Қоғамдық орындарда хиджаб киіп жүруге тыйым салу мәселесі қаралады
сурет: istockphoto.com
602

Қоғамдық орындарда хиджаб киіп жүруге тыйым салу мәселесі қаралады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазір біз үшін ең маңызды мәселе еліміздің ұлттық мүдделерін, ұлттық дәстүрлерін, ұлттық мәдениетін сақтау болып отыр. Ал қазіргі жағдайға қарасақ, қоғамда қара киінген қазақтар көбейді. Бұл жағдай біздің болашақ ұлттық мүдделерімізге елеулі зиянын тигізеді, - деді ол.

Депутаттың айтуынша, осыған қатысты заң жобасын алдағы сессияда Парламент жұмысқа алмақ.

Сондықтан біз, депутаттар тобы, осындай заң жобасын дайындадық. Ол күзгі сессияда Парламентке ұсынылады. Менің ойымша, хиджаб, никаб және қоғамдағы басқа діни киімдер туралы мәселе оны қабылдағаннан кейін шешіледі. Сонда біз мәселелерді қандай да бір жолмен реттей аламыз", - деп сөзін түйіндеді ол.

Серіктес жаңалықтары