Қылмыстық топ мүшесі болған: Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық әйел Молдовадан табылды

Қазір ол Алматының тергеу изоляторында.

Қылмыстық топ мүшесі болған: Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық әйел Молдовадан табылды
сурет: istockphoto.com
510

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық әйел Молдовадан табылды. Ол елге жеткізілді, - деп хабарлады Бас прокуратура.

Ол 2021 жылдан 2022 жылға дейін экономикалық және қаржылық алаяқтықпен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топта болды деген күдікке ілінді. 

"Ол банктерде шоттар ашып, бухгалтерлік құжаттарда жалған мәмілелер көрсеткен", – деп хабарлады прокуратура.

Қылмыстық топ салық төлемегендіктен мемлекетке шамамен 1,4 миллиард теңге шығын келтірген. Оның кейбір мүшелері сотталған.

"Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Молдова күдіктіні экстрадициялады. Қазір ол Алматының тергеу изоляторында", - делінген хабарламада.

Оның мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары