"Жаңадан тағайындалған Станислав Черчесов Әзербайжанға қарсы ойынды көрермен ретінде тамашалайды" – Барменқұлов

Ресейлік жаттықтырушы Станислав Черчесов бір апта бұрын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған болатын.

"Жаңадан тағайындалған Станислав Черчесов Әзербайжанға қарсы ойынды көрермен ретінде тамашалайды" – Барменқұлов
Фото: REUTERS/HANNAH MCKAY.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ұлттық құрамаға жаңадан тағайындалған бас бапкер Станислав Черчесовтің жұмысына қшан кірісетінін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz  Sport24-ке сілтеме жасап.

«Қазір федерация мен маман арасында келісімшарт жасасу процедурасы жүріп жатыр. Бәрін егжей-тегжей талқыға салып жатырмыз. Ертеңнен, яғни 11 маусымнан бастап Черчесов ұлттық командамен жұмысты бастап кетеді деп отырмын. Алайда Әзербайжанға қарсы ойынды ол көрермен ретінде тамашалайды. Бұл жұмысқа дайындығы туралы Саламұлы өзі айта жатар. Қазір ол жақын арада Қазақстанға көшіп келу үшін жеке бас мәселелерін шешіп жатыр», – дейді Барменқұлов.