Денис Теннің бапкері қайтыс болды

Аты аңызға айналған бапкер Денис Тенді 2010 жылдан бастап жаттықтырған.

Денис Теннің бапкері қайтыс болды
Фото: Instagram/denisten_official

Америкалық бапкер Фрэнк Кэрролл 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

Фрэнк Кэрролл – 60 жыл жаттықтырушы болып жұмыс істеген білікті бапкер. Бірқатар чемпиондарды баптап өсірген, жуырда есімі Даңқ залына енгізілген, аты аңызға айналған жаттықтырушы.

Ол 2010 жылы Олимпиада чемпионы атанған Эван Лайсачекті және әлемнің бес дүркін чемпионы (1996, 1998, 2000-2001, 2003) Мишель Кванды жаттықтырған.

Сонымен қатар, ол қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді 2010 жылдан бастап жаттықтырған.

Еске сала кетейік, Денис Тен 2018 жылы 19 шілде күні Алматыда автоұрылар жасаған шабуылдан қайтыс болды.