Париж-2024: Қазақстан командасының қоржыны тағы бір жолдамамен толықты

Қазақстандық Ирина Юнусметова 10 метрге  тапаншамен нысана көздеуден квотаға ие болды.

Париж-2024: Қазақстан командасының қоржыны тағы бір жолдамамен толықты
Olympic.kz

Нысана көздеуден Қазақстан командасының қоржыны тағы бір Олимпиада жолдамасымен толықты. Ирина Юнусметова рейтинг бойынша Париж ойындарына  іріктеуден өтті.

Халықаралық спорттық оқ ату федерациясы әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша олимпиадалық рейтингті жаңартты. 

Нәтижесінде, қазақстандық Ирина Юнусметова 10 метрге  тапаншамен нысана көздеуден квотаға ие болды. 

Айта кетелік, нысана көздеуден Қазақстан командасы танымал спортшы Ольга Довгун жаттықтырады.