Кәрім Мәсімов Президенттің атына кешірім беруге өтініш білдірген

Қазір ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің шешімімен Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр.

Кәрім Мәсімов Президенттің атына кешірім беруге өтініш білдірген
Фото: knb.gov.kz
531

ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімов наурыз айында рақымшылық жасау туралы өтініш берген. Бұл туралы Informburo.kz сауалына берген жауабында ҰҚК хабарлады

Мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алуға тырысқаны үшін сотталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов рақымшылық жасау туралы өтініш берген.

Қазір ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің шешімімен Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр.

Шынында да, осы мекемеден ол 2024 жылдың наурыз айында Президент атына кешірім жасау туралы өтініш жолдады, – деп хабарлады ҰҚК.

Онда Мәсімовке қатысты Қылмыстық кодекстің 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)») және 366-бабы, 4-бөлігі («аса ірі мөлшерде пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Еске сала кетсек, 2022 жылы 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы ұсталған болатын.

Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталған болатын.

Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелене алмайды. Оған мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану айыбы тағылды.

Сәуірдің 24-і күні Астана соты Кәрім Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді, билікті асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырды. Оның орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин және Марат Осипов та өз мерзімдерін алған болатын. Жалпы, қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 11 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары