972
Ақын Мылтықбай Ерімбетов өмірден озды
Белгілі ақын әрі журналист Мылтықбай Ерімбетов өмірден озды.
Қаралы хабарды ақын, журналист Қасымхан Бегманов мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін, 7 маусымда талантты ақын, белгілі журналист, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма мүшесі, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Мылтықбай Ерімбетовтың кенеттен жүрегі тоқтап, 68 жасында өмірден өтті. Ақынды ұлы Ерболат Мылтықбайұлы жақындарымен бірге бірнеше көлікпен туған жері Жетісайға алып кетті. Ертең сағат:11:00-де Жетісай ауданының "Телман" ауылындағы ата - анасының қарашаңырағында ақынның жаназасы өтетін болды»,—деп жазды ол.