Дизайнер Ғани Көбеев танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваны жылатты

Ғани Көбеевпен кездескен Жұлдызай Дүйсенбиева көз жасына ерік берді.

Дизайнер Ғани Көбеев танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваны жылатты
видеодан алынған скрин
749

Отандық дизайнер танымал актрисаға көлік сыйлады. Жұлдызай Дүйсенбиева болса көз жасына ерік берді, деп жазды turkystan.kz.

Қуанышты сәттің видеосын актриса Instagram парақшасында жариялады. Бейнежазбада Жұлдызай Дүйсенбиеваның сыйлыққа сене алмай тұрғанын байқауға болады. 

Сыйлық жасаған азамат актрисаға көліктің күллі қазақ халқының атынан берілгенін атап өтті. Сол сәтте Жұлдызай Дүйсенбиеа көз жасына ерік беріп, інісіне алғыс білдірді.

"Мен қанша жерде еңбек еттім, бірақ еңбегім бұлай бағаланбаған. Көлігіңе емес, көңіліңе рақмет", - деді Жұлдызай Дүйсенбиева. 

Серіктес жаңалықтары