Қазақстандық көркем гимнастшылар Ресейде өткен турнирде қола алды

Алғашқы жарыс күнінде топтық жаттығудан Қазақстн командасы көпсайыстан қола жүлдегер атанды.

Қазақстандық көркем гимнастшылар Ресейде өткен турнирде қола алды
Olympic.kz

Ресейдің Омбы қаласында көркем гимнастикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгения Канаеваның жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды. 

Алғашқы жарыс күнінде топтық жаттығудан Қазақстн командасы көпсайыстан қола жүлдегер атанды. Бұл сында алтынды Ресей, күмісті Беларусь құрамалары иеленген. 

Айта кетелік, халықаралық турнирде топтық жаттығудан бөлек, Милана Парфилова, Зере Бақытжанқызы, Рабия Аманқос және Надия Қанапияның өнерін тамашалаймыз.