Анасының сырқатына байланысты қысқа мерзімді демалыс алған Мейіржан Төребаев колнияға оралды.
«Сотталушы М. Төребаев 27 мамырда колонияға оралды, қазір мекемеде жазасын өтеп жатыр», - деп хабарлады Павлодар облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.
Бұған дейін Мейіржан Төребаевтың жұбайы Дана Есеева әлеуметтік желіде оның 10 күнге демалыс алып, түрмеден шыққанын жазған болатын.