Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің үстінен қылмыстық іс қозғалды ма? – министр жауап берді

Ержан Сәденов қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді және фигуранттардың ішінде Айтбек Амангелді бар деді.

Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің үстінен қылмыстық іс қозғалды ма? –  министр жауап берді
Айтбек Амангелді. Фото: YouTube/скриншот
648

Саясаткер Ермұхамет Ертісбаев Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жалған ақпарат бойынша қылмыстық істің қозғалғанын растады, деп хабарлады turkystan.kz сайты stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ал Айтбек Амангелдінің өзі қылмыстық іс қозғалғанын білмейтінін айтты.

Ержан Сәденов қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді және фигуранттардың ішінде Айтбек Амангелді бар деді.

«Іс бар, бірақ нақты бір адамға қарсы қозғалған жоқ. Біз мәлімдемелерді тексереміз», – деді Сәденов.

Серіктес жаңалықтары