1928
Бас прокуратура қазақстандықтарға тағы үндеу жолдады
Бас прокуратура азаматтарды бейтаныс аккаунттарға сенбеуге және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге қайта шақырады.
Бас прокуратура алаяқтыққа қатысты тағы да ескерту жасады.
Бас прокуратура мәліметінше, мессенджерлерде прокуратура органдары басшылығының фотосуреттері бар жалған аккаунттар құру және алаяқтық әрекеттер белгілері бар хабарламалар жіберу жағдайлары жиі кездесуде.
Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарды бейтаныс аккаунттарға сенбеуге және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге қайта шақырады. Осындай қоңыраулар немесе хабарламалар алған кезде осы фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.