Әртістік жүзуден әлем кубогінде еліміз тағы бір алтын жеңіп алды

Виктор Друзин ерлер арасындағы еркін бағдарламада жеңіске жетті. Ол 193.7938 ұпай жинаған

Әртістік жүзуден әлем кубогінде еліміз тағы бір алтын жеңіп алды
Olympic.kz

Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Olympic.kz мәліметінше, Виктор Друзин ерлер арасындағы еркін бағдарламада жеңіске жетті. Ол 193.7938 ұпай жинаған.

Күмісті Италия, қоланы Испания спортшылары иеленді.

Әйелдер арасындағы сында Карина Магрупова төрттікке енсе, жұптық сында Ясмина Тұяқова мен Арина Пушкина 11-орында қалды.