Ресейге адыраспан апарғандар түрмеге қамалады

Ал өсімдікті аса ірі мөлшерде әкелгені үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген

Ресейге адыраспан апарғандар түрмеге қамалады
vlast.kz
842

Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, «гармала» (адыраспан) өсімдігі құрамында есірткі немесе психотроптық заттар немесе олардың прекурсорлары бар өсімдіктер тізіміне енгізілген, деп хабарлады turkystan.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

«Бұл өсімдікті Ресейдің мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және бір миллион рубльге дейінгі немесе сотталған адамның бес жылға дейінгі кезеңде жалақысы немесе басқа кірісі мөлшерінде айыппұл түрінде немесе онсыз және бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен немесе онсыз қылмыстық жауаптылық қарастырылған. Ал өсімдікті аса ірі мөлшерде әкелгені үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген», – дейді Қазақстанның Бас прокуратурасы.

Ресей Федерациясының аумағына демалыс кезінде кететін азаматтар санының артуына байланысты, қылмыстық жауапкершілікті болдырмау үшін Бас прокуратура азаматтарға аталған өсімдікті Ресейдің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуден бас тарту керектігін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары