Жол апаты салдарынан алдыңғы орында отырған екінші жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Мазмұны
«Алматы-Шелек-Қорғас» автожолының 222 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады turkystan.kz.
El.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, автобус жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, Mercedes Benz жүк көлігімен соқтығысуға жол берген.
Жол апаты салдарынан алдыңғы орында отырған екінші жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Он бір жолаушы түрлі жарақат алды. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаториялық емделуге жіберілді.
Автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.