Екатерина Шабалина Олимпиада лицензиясының иегері атанды

Әлемдік рейтинг жаңарған соң қазақстандық спортшы жолдама алғандар қатарына енді.

Екатерина Шабалина Олимпиада лицензиясының иегері атанды
Telegram/Turizm_jane_sport_ministrligi

Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Олимпиадалық квотаны триатлоншы Екатерина Шабалина жеңіп алды. 

Әлемдік рейтинг жаңарған соң қазақстандық спортшы жолдама алғандар қатарына енді. 

Спортшы негізінен Азия чемпионаты мен Азия ойындарында мейілінше көп ұпай жинаған. 

Айта кетелік, Шабалина өз мансабында тұңғыш рет Олимпиадаға қатыспақ.