Алматыда жол апатынан мопед жүргізушісі қаза болды

Жол апаты Б. Момышұлы көшесінде болған.

Алматыда жол апатынан мопед жүргізушісі қаза болды
Orda .kz

Алматыда КамАЗ мопед айдаған 22 жастағы жігітті қағып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Kazinform.kz сайтының мәліметінше, Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Жол апаты Б. Момышұлы көшесінде болған.

Қалалық полиция департаменті адам өліміне әкелген жол-көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«22 жастағы мопед жүргізушісі «Ивеко» маркалы жүк көлігімен соқтығысу салдарынан қаза тапты. Сараптама тағайындалды», — деп атап өтті Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.