Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған арт-терапиялық сессия ұйымдастырылды

Бұл іс-шараға 25-тен астам бала қатысты.

Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған арт-терапиялық сессия ұйымдастырылды

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығында «Өнердің сиқырлы әлемі» арт-терапиялық сессиясы аясында «Әлем жарқырай берсін!» атты мереке өтті.

Бұл іс-шараға 25-тен астам бала қатысты.

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы директорының орынбасары Серік Сыдықовөзінің кіріспе сөзінде балалармен жұмыс Президенттік орталық қызметінің айрықша бір бағыты болып табылатынын атап өтті. Дәстүрлі түрде біздің серіктестеріміз Астана қаласының мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамы және «Мое Возрождение» психологиялық орталығымен бірлесе отырып, демеушілердің қолдауымен түрлі қайырымдылық акциялар, жыл сайынғы мерекелер, семинарлар, шеберлік сағаттар мен басқа да шаралар өткізіледі.

Өз кезегінде, «Астана қаласының мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамы» ҚБ өкілі Диляра Қошаева іс-шара ұйымдастырушылары мен қатысушыларына алғыс білдіріп, ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға бағытталған осындай әлеуметтік жобалар прогрессивті психологиялық көмек құралы болып табылатынын және шығармашылық арқылы баланың өзін-өзі тану, өзін-өзі растау, өзін-өзі көрсету қажеттілігін оңалтудың және іске асырудың баламалы бағдарламаларын енгізуге жәрдемдесуге бағытталғанын атап өтті.  

Бүгінгі мерекенің танымдық-ойын-сауық бағдарламасы аясында музыкалық және би нөмірлері, театрландырылған қойылымдар, жұмбақтар шешу, шығармашылық тапсырмаларды орындай отырып ертегі әлеміне ену, саздан жасалған бұйымдар бойынша шеберлік сағаттары және тәтті шай ұйымдастырылды.

Барлық қатысушыларға мерекелік естелік сыйлықтар табысталды.