Папуа-Жаңа Гвинеяда табиғат апатынан қаза тапқандар саны 670-ке жетті

Бұл туралы БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымы хабарлады.

Папуа-Жаңа Гвинеяда табиғат апатынан қаза тапқандар саны 670-ке жетті
сурет: euronews.com

Папуа-Жаңа Гвинеяда табиғи апаттан қаза тапқандар саны 670-ке жетті, ал зардап шеккендер саны мыңнан асты. Бұл туралы euronews.com жазды.

Папуа-Жаңа Гвинеядағы көшкін 670-тен астам адамның өмірін қиды. Бұл туралы БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымы хабарлады, оның мәліметтері бойынша 150-ден астам үй қирандылардың астында қалған.

"Қазір үйінді астында 670-тен астам адам деген болжам бар", - деді ұйымның елдегі миссиясының жетекшісі Серхан Актопрак жергілікті биліктің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.