Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Былтырғы әлем біріншілігінде Нұрдос Сабыр екінші орынға тұрақтаған еді

Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
olympic.kz

Қазақстан командасының өкілі Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан Лимада (Перу) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Olympic.kz мәліметінше, Нұрдос 89 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Ол  қоссайыс қорытындысы бойынша 333 (148+185) келіні еңсерген. 

Күміс медальді Валерик Мовсесян (Армения), қоланы Бекзод Гофиржанов иеленген. 

Айта кетелік, былтырғы әлем біріншілігінде Нұрдос Сабыр екінші орынға тұрақтаған еді.