Үндістанда нөсер жауын мен найзағайдан 11 адам қаза болды

Жауын-шашын салдарынан қаза тапқан 11 адамның алтауы түрлі суға батып кету оқиғаларынан көз жұмған, екеуі су толтырылған карьерлерге құлады, екеуі найзағай соғып, біреуі қабырғаның опырылуынан қаза тапты

Үндістанда нөсер жауын мен найзағайдан 11 адам қаза болды

Соңғы 24 сағатта штаттың кейбір бөліктерінде 20 см-ден астам жауын-шашын түскен, деп жазады turkystan.kz.

Inbusiness.kz сайтының мәліметінше, Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатында нөсер жауын салдарынан кем дегенде 11 адам қаза болды. Бұл туралы жұма күні жергілікті билік өкілдері хабарлады.

"Жауын-шашын салдарынан қаза тапқан 11 адамның алтауы түрлі суға батып кету оқиғаларынан көз жұмған, екеуі су толтырылған карьерлерге құлады, екеуі найзағай соғып, біреуі қабырғаның опырылуынан қаза тапты", – деп мәлімдеген жергілікті шенеунік журналистерге.

Сонымен қатар билік өкілі өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және басқа да бөлімшелер кез келген оқиғаға сақадай сай екенін мәлімдеді.