Әнші Бейбіт Қорған өнердегілерге тек әріптес ретінде қарайтынын айтты

Өнер иесі сахнадағы серіктерін дос ретінде санамайды.

Әнші Бейбіт Қорған өнердегілерге тек әріптес ретінде қарайтынын айтты
Видеодан алынған скриншот
613

Әнші Бейбіт Қорған "1001 түн" бағдарламасында өнерде дос жоқ екенін айтты, деп жазды turkystan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

“Достықты сырт көзге ғана көрсететіндер бар шығар мүмкін. Менің өнерде досым жоқ. Себебі, адам баласы өмірге келген соң олардың арасында іші тарлары да болады, көреалмайтындары болады. Белгілі бір жерде қолдап жіберудің орнына артқа тартатындар да болады. Сондай әдеті жоқтар ғана жетістікке жетеді деп ойлаймын”, – деді әнші. 

Сондай-ақ Бейбіт Қорған журналистің “сахнаны жас әншілерден қызғанбайсыз ба” деген сауалына жауап берді. 

“Сахна қызғанатындай менікі емес қой. Қазір сахнаға шығып жатқан жас әншілерге ешқандай қызғаныш жоқ. Сахнаға өзім де шығып жүрмін. Оның қызғанатындай ештеңесі жоқ. Сахнаға қайта-қайта шыға бергеннің қазір керегі де жоқ. Көретін нәрсені көрдік дегендей”, – деді әнші. 

Серіктес жаңалықтары