Жемқорлыққа қарсы күрес шаралары пысықталды

Жиында Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жү­зеге асыру мәселелері қаралды.

Жемқорлыққа қарсы күрес шаралары пысықталды
сурет: akorda.kz
953

Осы аптада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин­нің төра­ғалығымен Пре­зидент жанындағы Сы­байлас жемқор­лық­қа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның оты­рысы өтті.

Жиында Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жү­зеге асыру мәселелері қаралды.
Басқосуда Мемлекет басшысының «Әді­летті Қазақстан: бәрі­міз жә­не әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлау ал­­дындағы бағ­дарламасында көлеңкелі эко­номика деңгейін тө­мендету міндеті қойыл­ғаны айтылды. Аталған бағдарла­ма­ны іс­ке асыру және бақы­лан­байтын эко­но­микаға қарсы іс-қимыл ая­сында жұмысты жүйелі түр­де жалғастыруды қамтамасыз ету үшін Үкіметтің былтыр 2023-2025 жыл­дарға арналған жаңа ке­шенді жоспарды бе­кіткені атап өтіл­ді. Нақты айтқанда, құ­жат мұ­най және мұнай өнімдерінің, дәрі-дәр­­мектің, цифрлық актив­тердің айна­лы­мы сияқты бағыттарға қа­тысты іс-шара­лармен толықтырылды.
Осы мәселе бойынша Қаржы мони­то­рин­гі агенттігі, Қаржы, Ұлт­тық эко­номика, Сау­да және интеграция министр­лік­тері, «Са­мұрық-Қазына» АҚ басшы­лары­ның баяндамалары тыңдалды.
Мемлекеттік кеңесші кешенді жоспарда қа­рас­тырылған іс-шара­­лар­ды сапалы орын­даудың, негізгі көрсеткіштерге қол жет­кізу­дің, тә­жіри­бені ескеріп, көлеңкелі қызметке бейім басқа са­ла­ларды анық­таудың және қа­былданып жатқан шараларды жаңар­тып отырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Мемлекеттік органдар мен мекемелерге жос­пардағы тиісті шара­­лар­ды толық орын­дау туралы тапсырма берілді. Жиын бары­­сын­дағы тал­қылауды ескере отырып, ко­мис­сия нақты ұсы­ным­дар әзірледі. Оты­рыс­ты қорытындылай келе, Мемлекеттік кеңес­ші бірқатар тап­сырма берді және оның орындалуы бақы­лауға алынды.

Серіктес жаңалықтары