Атырауда итті қорлаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Күдікті итті теуіп, жарға лақтырған.

Атырауда итті қорлаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
khabar.kz
538

Атырауда балабақша ауласында итті қорлаған ер адам ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Оқиға Атырау қаласында болған.

Kazinform.kz мәліметінше, аталған деректі растаған полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 30 жастағы күдікті ұсталған.

«Полиция қызметкерлері «Жұлдыз» шағын ауданының аумағында орналасқан балабақша ауласында бұралқы итті қорлаған ер адам ұсталды. Күдікті итті теуіп, жарға лақтырған. Қазір күдіктіге қатысты жануарларға қатыгездікпен қарау дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

 

Серіктес жаңалықтары