637
ҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікпен БҚО тұрғынын ұстады (ВИДЕО)
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.
ҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікпен БҚО тұрғынын ұстады, бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
ҰҚК мәліметіне сүйенсек, 22 мамырда комитет прокуратура органдарын үйлестіру және полицияға жәрдемдесу кезінде Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады. Ол терроризмді насихаттады деген күдікке ілінді.
Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Ұсталған адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған, – деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.