Шымкент қаласының тумасы криптовалюта айырбастаумен заңсыз айналысқаны үшін сотталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен заңсыз кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырғаны үшін азамат 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Сот талқылауы барысында азамат «Binance» платформасында цифрлық активтерді (криптовалюталар) лицензиясыз айырбастау қызметін көрсеткені анықталды. 5 жыл ішінде ол 1,7 млрд теңгеден астам аса ірі мөлшерде заңсыз табыс тапқан», - делінген хабарламада.