5 жастағы баланы құтқарып қалған астаналық оқушы марапатталды

Жеңіс Қасымбек Ақан Әкімжановпен және оның ата-анасымен кездесіп, оған бағалы сыйлықтар табыстады.

5 жастағы баланы құтқарып қалған астаналық оқушы марапатталды
instagram.com/jenis_qasymbek
588

Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде 4-ші қабаттың балконында салбырап тұрған баланы байқап, құтқарған 7-сынып оқушысы марапатталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қала әкімі Жеңіс Қасымбек Ақан Әкімжановпен және оның ата-анасымен кездесіп, оған бағалы сыйлықтар табыстады.

«Ақан өзінің жылдамдығымен және батылдығымен ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды. 7-сынып оқушысы 4-қабатта ілініп тұрған кішкентай бүлдіршінді құтқарып қалды.

Ақанның ата-анасына ержүрек ұл өсіріп, лайықты тәрбие бергені үшін алғысымды білдіремін! Ақан сол сияқты оқуда да, спортта да жетістіктерге жетіп жүр! Мұғалімдері мен сыныптастары ол туралы адал дос, саналы және жауапкершілігі мол оқушы деген пікірде!

Ақанға планшет пен бір миллион теңге сыйға берілді. Сондай-ақ болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде де көмек көрсетеміз», - деді Жеңіс Қасымбек.

 

Серіктес жаңалықтары