Елорда Кубогі: Қытай атынан сынға түскен Тоқтарбек Таңатқан чемпион атанды

Ол 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті

Елорда Кубогі: Қытай атынан сынға түскен Тоқтарбек Таңатқан чемпион атанды
Синьхуа

Астанада бокстан өткен Elorda Cup  халықаралық турнирінде Қытай атынан шыққан этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатхан чемпион атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Тоқтарбек Таңатхан финалда өзбекстандық Рахматулло Бойматовпен жұдырықтасып, үш раундтан кейін жеңіске жетті.