Elorda Cup: 14 боксшымыз алтын медаль алды

Жарыс қорытындысы бойынша 24 салмақта жеңімпаздар анықталып, 8 боксшы былтырғы чемпиондық атағын қорғап қалды

Elorda Cup: 14 боксшымыз алтын медаль алды
Бокс федерациясы
608

12 мамыр күні басталған III Elorda Cup турнирі мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша 24 салмақта жеңімпаздар анықталып, 8 боксшы былтырғы чемпиондық атағын қорғап қалды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

6 күнге жалғасқан бәсекеде командалық бойынша ТОП-3 орындар:

Ерлер:

Қазақстан — 9 алтын, 8 күміс, 14 қола

Өзбекстан — 1 алтын, 2 күміс, 2 қола

Қытай — 1 алтын, 1 күміс

Әйелдер:

Қазақстан — 5 алтын, 5 күміс, 11 қола

Қытай — 4 алтын, 1 қола

Үндістан — 2 алтын, 2 күміс, 4 қола

Чемпион атанған жерлестеріміз:

51 келі. Сәкен Бибосынов

54 келі. Карим Серкебаев

57 келі. Махмұд Сабырхан

60 келі. Талғат Сырымбетов

67 келі. Нұрбек Мурсал

75 келі. Тимур Нұрсейітов

86 келі. Нұрбек Оралбай

92 келі. Сағындық Тоғамбай

+92 келі. Қамшыбек Қоңқабаев

57 келі. Карина Ибрагимова

60 келі. Виктория Графеева

63 келі. Аида Әбікеева

70 келі. Мадина Нұрышева

+81 келі. Елдана Талипова

Ең үздік боксшылар:

+92 келі. Қамшыбек Қоңқабаев

54 келі. Юан Чанг

«Биыл елорда төрінде үшінші мәрте ұйымдастырылған бокстан ересектер арасындағы «Елорда кубогі» турнирі мәресіне жетті. Бір аптаға жалғасқан байрақты бәсекеде отандастарымыз өте жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Халықаралық жарысқа жерлестеріміз бірнеше құраммен қатысқанын айта кеткен жөн. Париж Олимпиадасында ел намысын қорғайтын боксшыларымыз төрт жылдықтың маңызды додасы алдындағы соңғы дайындық жекпе-жектерін өткізсе, жас боксшыларға үлкен тәжірибе алаңы, бапкерлік құрамға өздерін дәлелдеу үшін зор мүмкіндік болды. Халықарлық сайыста топ жарған былғары қолғап шеберлерін жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!» - деді Ермек Маржықпаев.

Серіктес жаңалықтары