Азия біріншілігі: Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан чемпион атанды

Ол гимнастикалық ат снарядында үздік шықты

Азия біріншілігі: Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан чемпион атанды
ҚР ҰОК

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия біріншілігінде қазақстандық Нариман Курбанов чемпион атанды, деп жазады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Курбанов гимнастикалық ат снарядында үздік шықты. Ол аталған жаттығуда 15.600 ұпай жинап, алтын медаль иеленді.

Күміс жүлдені өзбекстандық Абдулла Азимов (14.633), қоланы иорданиялық Әбу әл-Сауд Ахмад еншіледі.