Али Балоев польшалық қарсыласын бірінші раундта нокдаунға жіберді

Али Балоев польшалық қарсыласын бірінші раундта нокдаунға жіберді

Али Балоев польшалық қарсыласын бірінші раундта нокдаунға жіберді
ашық дереккөзі
206
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Балоев польшалық қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатып салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Бұл - биыл ғана кәсіпқой боксқа ауысқан боксшының екінші жекпе-жегі. Алғашқы айқасында да жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы ол Варшавада (Польша) жергілікті боксшы Артур Навроцкийді (1-1-0), 1- раундтың алғашы минуттарында нокдаунға жіберді. Ары қарай төреші кездесуді жалғастырудан бас тартты. Себебі, Навроцкий жерлесіміздің ауыр соққысынан есеңгіреп қалды. Екі боксшы арасындағы айқас ауыр салмақтағы (90,8 келі - 200 фунт) 4 раундқа жоспарланған болатын. Естеріңізге сала кетейік, 23 жасар қазақстандық боксшы Али Балоев 18 ақпанда Ригада (Латвия), Олимпиада спорт орталығында өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізіп, 4 раундтық кездесуде, 32 жасар жергілікті боксшы Маркес Ковалевскисті нокаутпен ұтқан болатын. Али Балоев Алматыдағы «Абылай хан» залында белгілі жаттықтырушы Сағатбек Мұсахановтың қол астында жаттығады. Ғалым Жарылғапов атындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы.  

Серіктес жаңалықтары