835
Жібек Құламбаева Хорватиядағы турнирдің ширек финалына шықты
Отандасымыз Загреб (Хорватия) ITF W75 турнирінде сәтті өнер көрсетіп жатыр.
Қазақстандық, әлемнің 499-ракеткасы Жібек Құламбаева Загреб (Хорватия) ITF W75 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 259-ракеткасы, жапониялық Химено Сакацумемен бетпе-бет келді.
Бірінші партияны Жібек 6:2 есебімен түйіндесе, екіншісінде де есесін жіберген жоқ. Есеп – 6:4.
Біршама тартысты өткен кездесу сағат жарымға созылды.
Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 234-ракеткасы, хорватиялық Тена Лукас немесе рейтингіде 367-орындағы сербиялық Лола Радивоевичтің қай жеңгенімен ойнайды.