«Оны бәрі біледі»: Балжан Бидаш KeshYOU тобына қатысты шындығын айтты

Ол талай әншінің бағын ашқан топта өнер көрсетудің оңай болмағанын мәлім етті.

«Оны бәрі біледі»: Балжан Бидаш KeshYOU тобына қатысты шындығын айтты
instagram.com/bayanmaxatkyzy

Танымал әнші Балжан Бидаш «Оян» бағдарламасында бұрын өзі өнер көрсеткен KeshYOU тобына қатысты пікір білдірді.

Ол талай әншінің бағын ашқан топта өнер көрсетудің оңай болмағанын мәлім етті.

«Жалпы мен, Ақбота-нұр, Жұлдыз Өмірғали үшеуміз KeshYOU құрамында болдық. Негізі қыздармен жұмыс істеу оңай емес. Әр қыз өзінше ерке, өзінше жеке тұлға. Ол кезде жас болдық. Бірақ біздің продюсеріміз Баян Мақсатқызы қатал болды, оны бәрі біледі. Бағым Мақсатқызы да бар. Егер топта жұмыс істеу оңай болса, қазір түрлі қыздар тобы болар еді. Қазір Қазақстан бойынша бірінші орында KeshYOU тобы тұр» , - деді ол.